Павлодарда Toyota жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, супермаркет есігіне соқтығысты

Mar 18, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Павлодарда Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі асқан жылдамдықпен супермаркет есігін бұзып кірд

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі асқан жылдамдықпен супермаркет есігін бұзып кірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын жариялады.

"Toyota Mark 2 көлігінің жүргізушісі Циолковский көшесі,33/6 мекенжайындағы автотұрақта қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай,тізгінге ие бола алмай,ғимаратқа соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр",– деп хабарлады полиция өкілдері.