Ғылым

Астанада қар жауса, Алматыда 24 градусқа дейін жылынады - үш күнге арналған ауа райы болжамы

Apr 8, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> \"Қазгидромет\" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 8,9

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 8,9 және 10 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

8 сәуірде көшпелі бұлтты,кей уақытта жаңбыр жауып,күндіз күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с,күндіз екпіні секундына 15 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус,күндіз +15...+17 градус жылы болады.

9 сәуірде көшпелі бұлтты,кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +6...+8 градус,күндіз +13...+15 градус жылы.

10 сәуірде көшпелі бұлтты,түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр,қар) жауып,тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстік-шығысқа ауысады,жылдамдығы түнде 9-14 м/с,күндіз секундына 2-7 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус,күндіз +8...+10 градус жылы болады.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

8 сәуірде көшпелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с,күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус,күндіз +22...+24 градусқа дейін жылынады.

9 сәуірде көшпелі бұлтты,өткінші жаңбыр жауып,күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с,кей уақытта екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус,күндіз +15...+17 градус жылы.

10 сәуірде көшпелі бұлтты,түнде өткінші жаңбыр жауып,күн күркірейді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с,кей уақытта екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус,күндіз +17...+19 градус жылы болады.