itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Алматының Бостандық ауданындағы бірқатар ғимаратта бір күнге ыстық су өшіріледі,деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат "Алматы жылу желілері" кәсіпорнының Instagram-парақшасында жарияланған.
"16 сәуірде сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданы аумағындағы Масанчи - Сәтбаев - Сейфуллин - Тимирязев - Байзақов - Бұқар жырау бульвары - Хамит Ерғалиев жағалауы - Сәтбаев - Байтұрсынов - Абай көшелері шекарасында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға ыстық су берілмейді",- делінген компания хабарламасында.
Шектеулер жылу желілерін қайта жаңарту кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жұмыстарының қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізіліп отырғаны нақтыланды. Компания уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.