itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Mapping Tomorrow,Managing Uncertainties" тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысады.
Модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі,бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.
Еске салайық,17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барды.
Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып,панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар,дипломаттар,сарапшылар,бизнес,медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.