itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Алматыда тұрғындар жол көрсеткіштерінде қала атаулары мен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың тегі қате жазылғанын байқады. Әкімдік бұл олқылыққа қалай жауап берді,бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.
Threads әлеуметтік желісінде Жансүгіров көшесіндегі жол көрсеткішінің фотосы жарияланды. Жазба авторы қолданушыларға сұрақ қойған:
"Айтыңыздаршы,мына жерден қате көріп тұрсыздар ма? Бұл - Алматы қаласы,Жансүгіров көшесіндегі жол белгісі",– делінген жазбада.
Жазбаға пікір қалдырушылар қазақ және орыс тілдеріндегі атаулардан бірден үш қате тапқан:
Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың тегі қазақ тілінде қате жазылған. Тақтайшада "Рыскулов" деп көрсетілген (дұрысы – Рысқұлов).
Көрсеткіште "Талдыкурган" деп жазылған – дұрысы қазақша Талдықорған,орысша Талдыкорган болуы керек еді.
Тағы "Кунаев" деп көрсетілген – қаланың ресми атауы қазақша Қонаев,орысша Конаев.
Скриншот: Threads-тегі жарияланым
Фото Tengrinews.kz
Сонымен қатар,Рысқұлов даңғылының басқа учаскесінде қайраткердің тегі дұрыс жазылған тақтайшалар тұр.

Фото Tengrinews.kz
Алматы әкімдігі көрсеткіштің алып тасталғанын хабарлап,кемшіліктерді түзетуге уәде берді.
"Қазіргі уақытта белгі алынды. Келесі аптада қатесі түзетіліп,көрсеткіш қайта орнатылады",– деп қысқаша түсініктеме берді қала әкімдігі.