Чип Tech

Тергеу кезінде елден кетіп қалған: алматылық кәсіпкер ұрып-соғу және сталкинг ісі бойынша іздестіріліп жатыр

Apr 15, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Қазақстанда сталкинг үшін қалай жазалайды?

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстанда сталкинг үшін қалай жазалайды?

Адвокат Абзал Қасымжанов сталкерді жауапқа тарту үшін үш элементті дәлелдеу қажет екенін түсіндіреді:

жүйелілік: қудалаушының қайталанатын әрекеттері,

байланыс орнатуды қаламау: жәбірленушінің нақты білдірген қарсылығы,

айтарлықтай зиян: зардап шегуші тараптың қорқыныш пен үрей жағдайында болуы.

"2025 жылы Қазақстанда заң деңгейінде сталкинг ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық деп танылды. Бұл ұғым адамның еркіне қарсы,онымен байланыс орнатуға немесе соңынан аңдуға бағытталған,күш көрсетпестен айтарлықтай зиян келтірген заңсыз қудалауды білдіреді",– деді сарапшы.

Қандай дәлелдемелер жинау керек?

Нотариалды куәландырылған хат-хабарлардың скриншоттары,қоңыраулар мен дауыстық хабарламалардың жазбалары,бейнебақылау камераларының таспалары және куәгерлердің айғақтары дәлелдемелік база бола алады.

"Егер кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылғаннан кейін де ізіне түсуін тоқтатпаса,жәбірленуші құқық қорғау органдарына қайта жүгінуі қажет. Мұндай жағдайларда соттар бұл әрекетке сыни тұрғыдан қарап,кінәлі тұлғаға қатысты қатаң жаза қолдануы тиіс",– деп түсіндіреді адвокат.

Заңдағы олқылықтар: сарапшы пікірі

Адвокат қолданыстағы Қылмыстық кодексте қайталанған сталкинг үшін қатаңдатылған жауапкершілікті қарастыратын жеке норма жоқ екенін атап өтті.

"Заңда бірнеше мәрте жасалған сталкинг үшін бөлек ереже қарастырылмаған,бірақ соттар қайталанған жағдайларға барынша қатаң ден қоя алады. Мысалы,айыппұлдың орнына 50 тәулікке дейінгі шекті қамау мерзімін тағайындауға болады",– дейді Абзал Қасымжанов.

Дегенмен,адвокаттың пікірінше,бұл Парламент деңгейінде шешілуі тиіс заңнамадағы мәселе.

"Егер бірнеше мәрте қамауға алу қуғындаушыны тоқтатпаса,демек,жүйені қайта қарау қажет. Бұл мәселені Парламентте көтеру керек: егер тұлға 10 рет жауапқа тартылып,бірақ әр жолы сол баяғы 50 тәулікке қамалса,бұл қажетті нәтиже бермеуі мүмкін. Сталкер өз мінез-құлқын өзгертпей,мұндай жауапкершілік шарасына жай ғана үйреніп кетеді",– деп түйіндеді адвокат.

Анықтама: Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы "Сталкинг" санкциясы мынадай жаза түрлерін қамтиды:

200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл,

не 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар,

не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.