itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстанда шетелдіктерге көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызмет уақытша тоқтатылады. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы мәліметінше,бұған техникалық ақау себеп болған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Корпорация мәліметінше,қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Көші-қон қызметі орталықтарында елімізде уақытша тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға ЖСН қалыптастыру қызметі қолжетімсіз болып тұр. Техникалық ақау 9 сәуірде сағат 9.00-де болған.
"Сонымен қатар техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 10 сәуір сағат 09:00-ден 13 сәуір сағат 09:00-ге дейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат беру де тоқтатылады",- делінген компания хабарламасында.
Мемлекеттік корпорация барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін қызмет көрсету қайта жанданатынын және бұл туралы қосымша хабарланатынын нақтылады.