itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде — 15,16 және 17 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты,деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
15 сәуірде күн құбылмалы болады,кей кезде жаңбыр жауып,күн соңында қарға ұласады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады,жылдамдығы секундына 9-14 метр,күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус,күндіз +7...+9 градус болады.
16 сәуірде күн құбылмалы болады,түнде қар жауады,күндіз жауын-шашын (жаңбыр,қар),көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр,екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -1...-3 градус,күндіз +2...+4 градус болады.
17 сәуірде күн құбылмалы,жауын-шашынсыз болады. Түнде көктайғақ болжанады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6 градус,күндіз +6...+8 градус болады.
15 сәуірде күн құбылмалы болады,күн соңында жаңбыр жауып,найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр,күндіз екпіні 13-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус,күндіз +22...+24 градус болады.
16 сәуірде күн құбылмалы болады,найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр,екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус,күндіз +17...+19 градус болады.
17 сәуірде күн құбылмалы болады,жаңбыр жауып,найзағай ойнайды,түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр,екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус,күндіз +11...+13 градус болады.
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып,жауын-шашын күтілетінін хабарлады. Солтүстік аймақтарда термометр бағаны нөлден төмен түседі,бұл жаңбырдың қарға ұласуына және көктайғаққа әкелуі мүмкін. Батыста үш күнде де,16 сәуірде оңтүстікте,15-16 сәуірде еліміздің солтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр,бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр,қар) болады.