Ай

Тоқаев алдағы күндері қандай іс-шараларға қатысады?

Apr 17, 2026 IDOPRESS
itemprop=\"image\" itemscope itemtype=\"http://schema.org/ImageObject\"> Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жоспары туралы айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси,сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады",- делінген хабарда.

Сондай-ақ 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді #RES2026

Ақорда ақпаратынша,БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру,климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.

Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары,сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.